«Партия ең әуелі елдің мүддесіне қызмет етуі керек». Осылай деген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса AMANAT партиясының кезектен тыс өткен съезіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Соңғы уақытта халық пен мемлекет арақатынасы түрлі дәрежедегі эмоция тудырып отырған мәселенің өзектісі болды. Партия ең әуелі елдің мүддесіне қызмет етуі керек. Қаңтар оқиғасында бейбіт жолмен талап қойған көпшіліктің ішінде де партия мүшелері көп болды. Егер ел мүддесі мен көпшіліктің пікірі солай болса, мемлекеттігімізге тиімді қызмет ету үшін партияның құрылымы мен ұстанымын қайта қарауға дайынбыз деген едік.
Сол сәт туды. Партия атауының өзгеруін жақсылыққа жорыдық. Халықтың Аманаты болсын!», - деп жазды Мақпал Мыса Facebook-парақшасында.