Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің отырысында партия съезіне қатысатын делегаттар тізімі жасақталды
«Партияның іргесі қаланған 1 наурыз күні болатын Съезд – еліміздің дамуының жаңа бағытын белгілейтін айтулы оқиға». Осылай деген «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев партиялық жұмыстың мазмұны мен әдістерін жаңарту бойынша ұсыныстар жиналғанына айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Нұротандықтарға жоғары талап қойылып отыр. Елдің басты саяси күші ретінде орныққан «Nur Otan» реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, Қазақстанды серпінді қайта құру мен жаңғыртудың негізгі қозғаушы күші болатыны сөзсіз. Аталған жолда партияластарымыздың қала тұрғындарының сұранысына сәйкес өз жұмыстарын күшейтуге кірісті.
Бұл ретте, партияның қалалық филиалы сарапшылармен, саясаттанушылармен және қоғамдық пікір белсенділерімен түрлі форматта көптеген кездесулер өткізді, онда партиялық жұмыстың мазмұны мен әдістерін жаңарту бойынша ұсыныстар жиналды. Нәтижесінде біз партия жұмысын қайта құру бойынша өз ұсыныстарымызды әзірледік және оларды әрі қарай қарастыру үшін партияның Орталық аппаратына жолдадық. Жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр», - деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.
Ол сондай-ақ бүгін партия съезіне қатысатын делегаттар тізімінің жасақталғанына тоқталды.
«Жоспарымызға бір қадам ілгерілеу мақсатында бүгін «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің отырысында партия съезіне қатысатын делегаттар тізімін жасақтадық. Сайланған 30 делегаттың жоғары деңгейін ерекше атап өткім келеді. Олардың құрамы қоғамның барлық спектрін қамтиды және оған экономика, бизнес, білім беру, мәдениет, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау органдарының және т.б. түрлі салаларының өкілдері кірді. Ал әйелдердің құрамы 33,3% құрады.
Алматылық нұротандықтар «партияның жұмысын түбегейлі қайта құруды» жүзеге асыруда ел Президенті қойған жаңа міндеттерін орындауға, сондай-ақ партияның жаңа Көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңін қалыптастыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Біздің күшіміз бірлікте!», - деді М. Отыншиев.