Мемлекет басшысы референдум туралы Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасына» Сенат енгізген толықтырумен келіскен. Сенаторлар енгізген толықтыру бойынша «Референдум туралы» Заңнан Елбасы туралы норма алынып тасталды.