Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Наурызбай ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1200 орындық жаңа оқу ордасы қолданысқа беріледі. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ жыл соңына дейін ұлттық жоба шеңберінде 6 700 орындық тағы 4 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал келер жылдың ақпан айында Шұғыла шағынауданындағы №174  білім ошағаның 375 орынға шақталған қосымша ғимаратының құрылысы аяқталады. Қала әкімі мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

– 2024 жылдың қыркүйегінде Шұғыла шағынауданында 320 орындық балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда. Осы жылдың соңына дейін Құрамыс және Шұғыла шағынаудандарында 640 орындық 2 жаңа балабақшаның құрылысын аяқтаймыз. 2024 жылдың 4-тоқсанында Қалқаман және Шұғыла шағынаудандарында 560 орындық 2 балабақша салынады, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев сапалы медициналық қызмет көрсету үшін Құрамыс пен Шұғылада күніне 500 адам қабылдай алатын 2 жаңа емхананың және Ақжарда 1 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталғанын айтты. Аудан тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынатынын жеткізді. Оның алғашқысы Шұғылада бой көтереді. Құрылыс-монтаж жұмыстары келер жылдың 1-тоқсанында басталады деп жоспарланған.

– Ақжар шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. Осы жылдың соңына дейін сумен жабдықтау мен кәріздің резервтік магистральдық желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіп, 2025 жылдың 1-тоқсанында дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастаймыз, 2025 жылы маусымда аяқталады. Құжаттарды алғаннан кейін жұмыс басталады, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Кездесуді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:

Новости партнеров