1-3 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы қатысады. Сондай-ақ ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Бас хатшысы және Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы шақырылды.
Отырыстың күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастық, ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі және тағы басқа мәселелер қамтылған.
Ертең ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері жыл сайынғы «Digital Almaty» форумының пленарлық отырысына қатысады.
Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден аса спикер өз ойларын ортаға салады.
Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар Үндістанда өткен робототехника чемпионатынан жүлделі оралды