Сәтбаевтың сакурасы қайта гүлдейді

Фото: ҚР ҰҒА баспасөз қызметі
Фото: ҚР ҰҒА баспасөз қызметі

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні

Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйтқы болуымен ғимараттың ішкі ауласында «Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғыртылып, екі сакура – Kanzan және Kiku-Shidare ағаштары отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы белгілі журналист Дина Имамбай жеке парақшасында жазды. 

Ғылым академиясының ғимаратын екінші дүниежүзілік соғыста жапон тұтқындары салғаны белгілі. Құрылыс кезінде арып-ашып жүрген жапондарға академия басшысы Қаныш Сәтбаев қамқорлық жасаған. Кейін олардың біразы еліне қайтады. Сөйтіп, қазақ халқына және ғалым Қаныш Сәтбаевқа деген разылық ретінде сакура ағашының көшетін жолдайды. Жақсылықты үмытпайтын халық қой жапондар мен немістер.

«Сәтбаев сакурасының» тарихы жөнінде «Ақиқат» журналының 2024 жылғы сәуірдегі санында Аспандияр Өмірбековтің мақаласы шыққан.

«Кеңес үкіметі мен Қазақстан басшыларынан осы сакура ағаштарын Қазақстанның Ғылым академиясы жанына отырғызуды сұрап, өтініш жазылған хат қоса тіркелді. Сәтбаевтың құрметіне академияның жанына тігілген үш сакураның екеуі жайқалып өсті», - деп жазды Аспандияр Өмірбеков.

Алайда 30 жылдан кейін  “құрылысқа кедергі келтірді” деген желеумен қос сакураны кескізіп тастайды.

 

Новости партнеров