Ерболат Досаев Алатау аудан тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізіп жатыр

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен екінші рет кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің 28 сәуірде өткен кездесуде аудан тұрғындары 120-ға жуық мәселе көтерген болатын. Олар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, әлеуметтік сала, жер қатынастары, бизнесті қолдауға қатысты болды. Сонымен бірге, жеке сипаттағы мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Кездесу барысында 57 сұраққа түсініктеме берілді. Қалған 63 мәселе бойынша хаттамалық тапсырмалар жүргізілді.

Бүгінгі күні тапсырмалардың 70%-ы орындалды. Қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді, бір тоқсанда 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу жоспарланып отыр.

Новости партнеров