Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кездесу уақыты: сағат 09:00
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылғы 4 тамызда сағат 9:00-де Тимирязев көшесі, 42, корпус 10 мекенжайда орналасқан «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының конгресс-холлында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Бостандық әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады.


Новости партнеров