Б. Сағынтаев Алматының тыныс-тіршілігін біртіндеп қалыпқа келтіру туралы хабарлады

10.01.2022 15:31

Қазақстан бүкіл әлемге біздің елімізді және халқымызды күйрету және құрту мүмкін еместігін дәлелдеді

tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына тыныштық пен батылдық, жағдайды тұрақтандыруға және тәртіп орнатуға ықпал еткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Президенттің батыл іс-қимылының арқасында елдің күйреуінің алдын алуға қолжеткенін атап өтті. Қазақстан бүкіл әлемге біздің елімізді және халқымызды күйрету және құрту мүмкін еместігін дәлелдеді.

«Біз қазақстандықтардың қиын кезеңдерде ұйымшыл болып, біртұтас жұдырық ретінде әрекет ететініне тағы да көз жеткіздік. Алматылықтарға тәртіпсіздік кезінде көрсеткен сабырлылық пен батылдық және бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын», - деді Б. Сағынтаев.

Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Қаланың барлық қызметтері антитеррористік орталықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Барлық мәселе келісілген түрде шешіледі және біртіндеп қала қалыпты жағдайға оралады.

Қаланың барлық ауданында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Көшелерден 200 тоннадан астам қоқыс, аулалардан мың тоннадан астам ҚТҚ шығарылды. Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарға кіреді. Құқық қорғау органдары қаланы тазартуды жалғастыруда. Айта кетсек, бұл күндері қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі үзіліссіз жұмыс істеді. Халықты сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, жылу қызметтерімен қамтамасыз ету штаттық режимде жүргізіледі.

Қаланың азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. 80-ге жуық супермаркет, үш ірі азық-түлік базары, 70-ке жуық ЖҚС, 111 дәріхана жұмыс істей бастады, олардың үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Автогаз бағасы литріне 70 теңгеге дейін төмендеді.

«Қабылданып жатқан шаралар қала өмірін біртіндеп қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Бізден тек сабырлық, шыдамдылық пен түсіністік қажет», - деп Б. Сағынтаев.

 ТЖ режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтау және коменданттық сағатты бұзбау қажеттігін еске салды.