Алатау ауданында 81 көшеге 30 км арық желісі салынады

18.07.2022 15:52

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты

Almaty.tv

Биыл Алатау ауданында 81 көшеге 30 км арық желісі салынады, сондай-ақ 6 су жинағыс коллекторларды тазалау және қалпына келтіру жұмыстарды жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша соңғы 2 жылда ауданда бос жатқан 60 учаске абаттандырылды. Бұл жұмысты біз осы жылы да белсенді жалғастырамыз. Биыл 1 млрд. 800 млн. теңгеге 36 жоба іске асырылуда, оның ішінде 24 жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл жобалар аясында балалар, спорт және «workout» алаңдары салынады. Барлық жобалар осы жылдың қараша айында аяқталады», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар Зерделі, Шапағат, Саялы, Қарасу, Дарабоз шағынаудандарындағы 5 скверге және Рысқұлов даңғылындағы Саин көшесінен бастап Шәріпов көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағына жөндеу жүргізіледі.

Биыл Қарасу, 13-ші аумақ, Теректі, Саялы, Нұркент және Зерделі шағынаудандардағы 53 ауланы күрделі жөндеу аяқталды.

«Рекреациялық аймақтарды құру мақсатында Өжет шағынауданындағы тоғанды, Боралдай өзенінің бойын және Зерделі шағынауданындағы 24 гектарды абаттандыру сияқты 3 ірі жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады», – деді ол.