Алматы полицейлері кафенің түнгі жұмысын тоқтатты

zakon.kz
zakon.kz
«Жетісу» ықшамауданында орналасқан «Веселидзе» дәмханасын тексеруді сағат 23:20 минутта тәртіп сақшылары жүргізге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері кафенің түнгі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жетісу» ықшамауданында орналасқан «Веселидзе» дәмханасын тексеруді сағат 23:20 минутта тәртіп сақшылары жүргізген.

«Мекеме әдеттегідей жұмыс істеді. Қызметкерлер, оның ішінде әкімші жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған. Бір сөзбен айтқанда, олар мүлдем карантин туралы білмегендей әсер қалдырды. Денсаулыққа нақты қауіп төндіретін бұл құқық бұзушылық үшін кафе басшылығы ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу материалдары шешім қабылдау үшін ДКБТУ-дың аудандық бөліміне берілді», – деп хабарлады Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов. Бұл кезде полиция азаматтарды қоғамдық орындарда өздерін жауапкершілікпен ұстауға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Новости партнеров