Шара 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алуға арналды
Гүл шоқтарын қою рәсімі қалалық Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы оркестрінің сүйемелдеуімен басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Салтанатты шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, мәслихат депутаттары, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, қоғамдық ұйымдардың өкілі, әскери оқу орындарының курсанттары, қала жастары және т.б. қатысты.
Гүл шоғы қойылғаннан кейін жиналған қауым метрономның үнімен сол оқиғада қаза тапқан жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара соңында дін қызметкерлері бақилық болғандардың рухына Құран бағыштады.
Естеріңізге сала кетейік қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады. Биыл қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге ұлғайтылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда ҚР Тәуелсіздік күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті