Автожолды тазалауға 288 техника жұмылдырылды
Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында - бір учаске:
"Алматы-Ташкент-Термез" автожолы, Кенен а.– Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) - 95 шақырым.
Жетісу облысында - бір учаске:
"Үшарал-Достық" Көктұма ст. – Достық ст. - 100 шақырым. Шектеу барлық көлік түріне қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда қар тазалау жұмысы жалғасуда