Қалалық бұқаралық ақпарат құралдары және Алматы әкімдігінің баспасөз орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Мегаполис тұрғындарымен коммуникация тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланған және Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен қалалықтардың өтініштеріне жедел жауап беру жұмыстары кеңінен жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өтініштердің 94%-ға жуығы аудандық әкімдіктер мен тиісті қалалық басқармаларда жедел шешіледі. Сұрақтардың басым бөлігі қоғамдық көліктердің жұмысына, құрылыстың сапасына және жолдар мен тротуарлардың жағдайына, қоғамдық қауіпсіздік пен инженерлік желілерге қатысты болуда.
Қалалық бұқаралық ақпарат құралдары және Алматы әкімдігінің баспасөз орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қала тұрғындары «Алматы» телеарнасының апта сайынғы Akimat LIVE бағдарламасындағы тікелей эфирде сұрақтарын қоя алады. 2020 жылы 96 бағдарлама тікелей эфирге шықты, оның барысында қалалықтардың 2,4 мың сұрақтарына жауаптар берілді.
Ағымдағы жылы 6 тікелей эфир өтті, оның ішінде қала әкімінің қатысуымен, эфир барысында қала тұрғындары өздері қойған 165 сұрақтарға жауаптарды алды.
Қала әкімдігінің баспасөз орталығының алаңында 2020 жылы Алматы әкімдігі бірінші басшыларының ішінен 623 спикердің қатысуымен 356 баспасөз шарасы өтті. Баспасөз конференциялары барысында спикерлер журналистердің 3048 сұрағы бойынша түсініктемелер берді.
Баспасөз іс-шараларының қорытындысы бойынша 24 мыңнан астам материал жарияланды, барлық телеарналарда 1,5 мыңға жуық телесюжет көрсетілді. Ағымдағы жылдың қаңтарында 84 спикердің қатысуымен 45 баспасөз шарасы өтті. Журналистердің 293 сұрағына қатысты түсініктемелер берілді, 1000-нан астам материалдар жарияланды.
Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев аталған мәселеге қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысын саралай келіп мегаполис тұрғындарымен арадағы жұмысты күшейтуді, Open Almaty қоғамдық қабылдаудың тиімділігін арттыруды тапсырды.