Баспасөз конференциясының барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша барлық бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осылайша, амбулаторлық деңгейде «виртуалды инфекциялық аурухана» ашылды. Сонымен бірге, COVID-19 жұқтырған мұқтаж науқастарды, бақылап, емін түзету бойынша, сонымен бірге, тәулік бойғы режимде тәуекел тобындағы науқастардың асқынуларының дамуын амбулаторлық деңгейде бақылау үшін Мониторинг орталығы жұмысын бастады. Аталған шаралар жағдайлары ауыр науқастарды, әсіресе қарт адамдарды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
«Эпидемиямен күресте түбегейлі мәселе – барлық ауырған адамдардың ем алуы үшін қосымша жататын орын қорын құру», – деп қосты Бақытжан Сағынтаев.
Бүгінде қалада коронавируспен күреске қуаттылығы 3340 жататын орынға шақталған 19 стационар жұмылдырылған - өсім 7 есе көбейген. Психикалық денсаулық орталығының негізінде қосымша 150 орын, Урология ғылыми орталығының негізінде 150 орын ашып, Halyk Arena базасының негізінде 200 орынды кезеңімен 1000-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Осылайша, осы аптаның соңына дейін қосымша 500 орын әзірленеді. Сонымен бірге, Halyk Arena базасының негізінде жан сақтау бөлімі, тиісті құралдары бар толыққанды стационар ашылады, науқастарға кислород орындары қолжетімді болады.
Алғашқы медициналық санитарлық көмек нысандарының деңгейінде мобильді бригадалар күшейтілуде, олардың құрамына құрамына бөлім меңгерушілері, инфекционист дәрігелер, эпидемиологтар, учаскелік дәрігерлер және мейірбикелер енген. Қазіргі уақытта 72 бригада мобилизацияланды және АМСК 297 қызметкері жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда қалада 3000-103, 3000-505, 103 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді. Тұрғындардан шағымдар мен өтініштер түскен кезде олар тіркеліп, кері байланыс жасау үшін емхана басшылығымен қаралады. Бұған қосымша, қалада қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін Психикалық саулық пен психологиялық көмек көрсететін қолдау орталығы жұмыс істеп жатыр.
Бақытжан Сағынтаев диагностиканы дер кезінде жүргізу үшін Алматыда қажетті құралдардың жеткілікті екенін атап өтті. Соған қарамастан, осыған байланысты зертханалардың өткізу мүмкіндігін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін қалада КТ 28 аппараты және 70 цифрлы рентген аппараты жұмылдырылған.