Бауыржан Қабдол Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

01.12.2023 22:26

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болған

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Бауыржан Қабдол Жалелұлы тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бауыржан Қабдол 1978 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің көлік колледжін, Орталық Азия университетін, Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік және коммерциялық секторларда жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылғы маусымнан бастап тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз: Алматы көшелеріне қызметтік функциялары жақсартылған сергектер орнатылады