Суық су желілеріндегі апатты жағдайға байланысты Жетысу және Түрксіб аудандарының бірқатар елдімекеніне су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
21 сәуір сағат 16:00-ден бастап Рысқұлов даңғылындағы батыс бағытына қарай орналасқан Герцен көшесінің қиылысымен көліктердің жүру бөлігінің екі жолағы уақытша жабылады.
Келесі шаршы көшелердің қиылысында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру уақытша шектеледі: Сүйінбай-Рысқұлов даңғылы - Шемякин-Хмельницкий, Рысқұлов даңғылы - Парковая - Құлыншақ – Бәйішев. 21 сәуір, сағат 23:00-ге дейін су беру жоспарлануда.
«Алматы су» МКК апаттық бригадасы Герцен көшесінде D-500 мм құрайтын магистральдық су құбырында апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайды жоюға 12 техника жұмылдырылды.
Герцен көшесі арқылы өтетін магистральдық су құбыры 1962 жылы пайдалануға беріліп, қаланы сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 жыл жұмыс істеп тозығы жеткен.
«Алматы қаласының қолданыстағы желілері мен нысандары айтарлықтай тозығы жеткен. Су құбыры желілерінің ұзындығы 3528 шақырымды құрайды, оның ішінде 1941,2 шақырымына қайта жөндеу жұмыстары қажет (жалпы ұзындығы 55,8%).
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!», – делінген хабарламада.