Қоғамдық кеңес Алматы қаласының дамуының өзекті мәселелерін талқылады

13.09.2021 22:50

Қала билігі кездесу барысында айтылған қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр

фото из открытых источников

Өткен жұмада Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv

Қала билігі кездесу барысында айтылған қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Қала ішіндегі тығызданған құрылыс, 2-ЖЭО жаңғырту, Әлеуметтік және Қолжетімді тұрғын үй салу мәселелері туралы – қала құрылысына, қала құрылысын бақылауға, жер қатынастары мәселелеріне, қаланың сәулетіне, сондай-ақ қала «энергетикасына» жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қала тұрғындары үшін аса маңызды сұрақтар туралы сөз қозғады.

М. Әзірбаев жыл соңына дейін 2,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй, оның ішінде «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 248 мыңнан астам қолжетімді тұрғын үй пайдалануға берілетінін атап өтті. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер қаланың жаңа, дамыған аудандарында салынуда, онда қала тұрғындарының жайлы тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалады, ең алдымен: мектептер, балабақшалар, барлық жерде іргелес аумақ абаттандырылады, сондай-ақ медициналық ұйымдар салынады.

«Басқарманың құрылыс жоспарына (Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы) 60 әлеуметтік нысан кіреді, оның ішінде 38 нысан ағымдағы жылы және 22 нысан  келесі жылы аяқталады. Жаңа Алматы кешенді жоспар аясында Томирис, Саялы, Қалқаман-2, Дархан, Мәдениет, Қайрат, Нұркент шағын аудандарында 12600 орындық 8 мектеп салынуда, оның ішіндегі 3 мектеп бір жылдың ішінде пайдалануға беріледі», – деп хабарлады М. Әзірбаев.

Есеп беру барысында 8263 орындық 17 мектепке кеңейтімдер құрылысы туралы ақпарат жарияланды, 1 қыркүйекке дейін 4150 орындық 9 қосалқы нысан пайдалануға берілді.

Жас ұрпақты спортқа жаппай үйрету қажеттілігін ескере отырып, Теннис федерациясының халықаралық стандарттарына сәйкес салынған 6 спорттық-сауықтыру кешенінің, 14 кортқа арналған теннис орталығының құрылысы басталды.

Денсаулық сақтау жүйесі де қалаға аса қажет жаңа нысандармен толығуда. Нөмірі 7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің кеңейту құрылысының аяқталғаны туралы, балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының операциялық бөлімшесі бар қабылдау бөлімінің 4 қабатты ғимаратының құрылысы басталғаны туралы айтылды.

Сонымен қатар, әңгіме басқа әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысы туралы болды. Атап өтсек: Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет (БКДҚ) ғимаратын қайта жаңарту, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік көмек орталығының құрылысы, Ақжар, Бағанашыл шағын аудандағы ДЭПО өрт сөндіру орталығының құрылысы.

Кездесу барысында 2021 жылдың соңына дейін қаланың 24 шағын ауданында 170 шақырым сумен жабдықтау және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылысы, 23 мыңнан астам үйді қалалық желілерге қосу,  қуаты тәулігіне 15 мың м3 болатын Қарағайлы ауданында сүзгі станциясы бар су тарту құрылысы, оған ұқсас іске қосылу кезінде 80 мыңнан астам адам сапалы ауыз су алатын Ақсай ауданында нысанның салынуы, сондай-ақ Ерменсай шағын ауданында қуаты тәулігіне 9 мың м3  су жинауға ЖСҚ әзірлеуді аяқтау туралы ақпарат айтылды.

Тұрақты электрмен жабдықтау үшін Бостандық және Түрксіб аудандарында екі қосалқы станция салынуда.

«ЖЭО-2» модернизациясына келер болсақ, «Самұрық-Қазына» бұған дейін хабарлағандай, қуаты 600 МВт жаңа бу-газ қондырғыларын салу нұсқасы қабылданды. Жылдың соңына қарай ТЭН әзірлеу мен бекіту аяқталады, содан кейін қондырғыларды ішінара пайдалануға беру және оны 2026 жылы толық аяқтау арқылы жобалық-сметалық құжаттама мен жобаны іске асыру аяқталады.

Жылыту маусымына дайындық мәселесі қала әкімінің тұрақты бақылауында. Бүгінде жылу, газ, электр желілері, жылу көздері, сумен жабдықтау және кәріз желілері 95% дайын. Денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй объектілері 100% дайын.  

Сондай-ақ, сәулет, жер қатынастары және қала құрылысын бақылау басқармасының ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыстарының қорытындылары: құрылыстың тығыздығын төмендетуге, әлеуметтік мақсаттағы объектілердің, жолдар мен инженерлік желілердің құрылысын қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс салу қағидалары күшіне енген бас жоспарды түзету туралы мағұлмат хабарланды.

«Тарихи орталықтың ішіндегі бос жер учаскелері үшін немесе қоғамдық наразылық туғызу үшін қала әкімдігі жер учаскесінің иесімен бірге құрылыс жобасын айырбастауды, өтеуді немесе қайта қарауды қарастыруда. Мониторингте 36 участке  бар. Жер қатынастары бөлімінің жұмысында қызметтерді цифрлық форматқа барынша көшіру саясаты жүргізілуде.

Жүргізілетін жұмыстардың сапасы әкімдіктің тұрақты бақылауында. Мониторингтің арқасында 54 мердігерлік ұйым жауапкершілікке тартылды, 45 лицензияның қолданысы тоқтатылды, 406 қосалқы лицензияның қолданысы тоқтатылды. Құрылыс нысандарында тиісті бақылау болмағаны үшін 22 техникалық қадағалау ұйымы тартылды. Жыл басынан бері соттардың шешімі бойынша заңсыз салынған 18 нысан бұзылды. Сот талқылауынсыз көшелер мен аула аумақтары бойындағы мемлекеттік қор жерлерінде өз еркімен орнатылған 300-ге жуық заңсыз нысан бұзылды»– деп түйіндеді өз сөзін М. Әзірбаев.