«Апорт дәмі бар» акциясы: Алматы қаласының Медеу ауданында 220-дан астам алма ағашы пайда болды

27.04.2024 23:27

Бүгінде Медеу ауданының аумағында 470 ағаш отырғызылды

пресс-служба акима Алматы

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақша қаласы» акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде Медеу ауданының аумағында 470 ағаш отырғызылды. Соның ішінде 220 алма мен 250 бұта бар. Негізгі екпе жұмыстары «Есентай»өзенінің жағасы мен Шухов атындағы саябақта өтті.

Бұл науқанға 600-ге жуық адам қатысты: жастар, белсенділер, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары бар.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова апорт дәмін есіне алатын алматылықтар үшін алма ағаштарын отырғызу маңызды екенін атап өтті.

- Қаланы көгалдандыруға, әсіресе, алма ағаштарын отырғызу науқанына қатысқаныма қуаныштымын. Есентай өзенінің бойында ағаш отырғызуға қатыстым. Біздің қаламыздың гүлденуіне, көгалдануына әрі бала кезімізден есімізде қалған апортымыздың тілеймін, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Соның ішінде 4 мыңнан астам алма ағашы. Ал «Қарағай орманы» саябағының аумағында 500 алма мен өрік көшеттері, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында мыңға жуық көшет отырғызылды.