Алматыда Төле би көшесіндегі инженерлік желілерді сапасыз жүргізгендер жауапқа тартылды

Фото из открытых источников
Фото из открытых источников
Мердігер ұйымдардың атқарған жұмыстарына бірнеше рет тексеру жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Төле би көшесіндегі инженерлік желілерді сапасыз жүргізгендер жауапқа тартылды. Бұрын хабарланғанындай, бірқатар проблемалы нысандарға, оның ішінде Төле би-Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы инженерлік желілерді реконструкциялауға қатысты мердігер ұйымдардың атқарған жұмыстарына бірнеше рет тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тексеру нәтижелері бойынша инженерлік желілерді салуда өрескел олқылықтарға жол берген «Сұңқар «ЖШС мен «АГС-ПЛАСТ» ЖШС-не қатысты материалдарды біз сотқа жібердік. Оның барысында ААӘС-тың шешімімен екі компания да құрылыс лицензиясынан айырылды», – деп хабарлады қала Құрылысын бақылау басқармасы.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде стандарттардың сақталуын бақылау күшейтілді, қазір біз істерін сот қарайтын жауапсыз мердігерлердің тізімін жасаудамыз», – деді басқармадағылар.

Айта кетерлігі, осындай кемшіліктері үшін Тастыбұлақ шағын ауданында орталық коммуникация құрылысын жүргізген «Монолит Дизайн-2030» ЖШС лицензиясынан айырылған еске салайық.

Новости партнеров