Алматыдағы Гагарин даңғылындағы учаскеде жылу желілерін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мұнда асфальт-бетон жабыны төселіп, көлік қозғалысы қайта ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлағандай, биыл 29 маусымынан бастап Бостандық ауданында ТМ 1 жылу желілерін Қожанов көшесіндегі ТК 1-6-дан Орталық жылу тарату пунктіне дейін, Гагарин даңғылының бойында Қожанов көшесінен Есқараев көшесіне дейін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта Есқараев көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жылу желілерінің бұл учаскесі қолданыстағы құбырдың Қожанов көшесі бойымен өтуіне байланысты жылу маусымының дайындығына әсер етпейді. Жұмыс биыл қарашада аяқталады. Биыл 548,7 м төселді, келесі жылға тағы да осынша көлем жоспарланған.
Жүргізіліп жатқан қайта құрудың мақсаты - ТМ 1 қалалық жылу магистралінің физикалық тозуына байланысты оның жұмысын жақсарту. Бұл қаланың жоғарыда аталған көшелерінің аумағында орналасқан 19 көппәтерлі үйдің, 2 балабақшаның және 39 басқа нысанның тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылуаралық кезеңде Алматыда 17,7 км жылумен жабдықтау желілері, 120 км электрмен жабдықтау, 43 км сумен жабдықтау, 29 км газбен жабдықтау қайта жаңартылып, жөнделіп жатыр.