Алатау ауданында 270 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалада инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді шаралар белсенді қабылдануда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін желілерді қайта құру және жаңа салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өздеріңіз білетіндей, қосылған шағынаудандардың (Алғабас, Теректі, Мәдениет және Боралдай) тұрғындары орталық инженерлік желілердің болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы септиктер мен ауыз суға арналған жеке ұңғымаларды пайдаланған.

Аудан тұрғындарын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Алғабас және Саялы шағынаудандарында 48,6 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, сондай-ақ Өжет  ш/а 1-ші кәріз сорғы станциясын (КСС) салу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде ауданның 5 мыңнан астам тұрғыны орталық ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз етілген. 

2025 жылғы желтоқсанда Боралдай, Ақбұлақ, Шапағат, Болашақ, Рахат-Мәдениет, Әйгерім шағынаудандарының 23 мың тұрғыны үшін 270 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша жұмыстар аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді шаралар белсенді қабылдануда. Осылайша, бұл 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 52,9% – ға, су бұру желілерінің тозуын 53,9% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алатау ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 жаңа мектеп ашылады

Новости партнеров