Ерболат Досаев бейбіт аспан, мол бақыт және зор денсаулық тіледі
Қала басшысы алматылықтарды Христостың қайта тірілуі – Пасха мерекесімен құттықтап, бейбіт аспан, мол бақыт, зор денсаулық және амандық тіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Бұл көктемгі мереке – мейірімділік, үміт пен рухани жаңғырудың символы. Ол әрдайым құрмет, бейбітшілік пен өзара түсіністік атмосферасында аталып өтеді. Пасха жүрегімізді сеніммен толтырып, игі істерге шабыттандырады, әділетке, мейірімділікке және өзара қолдауға ұмтылысымызды нығайтады. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрлердің күші мен жақын жандардың жылуы мен қолдауының маңыздылығын ерекше сезінетін кезең.
Алматы – түрлі ұлттар мен дін өкілдері үшін ортақ үйіміз. Пасха секілді игі мерекелер бірлікте болуға, бір-бірімізге құрметпен қарап, қолдау көрсетуге болатынын еске салады.
Дәл осындай құндылықтар сүйікті қаламыздың бейбітшілігі, келісімі мен тұрақты дамуының негізін қалайды.
Осы жарқын күні Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, жан тыныштығы, жылулық пен бақ-береке тілеймін. Үйіңіз махаббат пен қамқорлыққа, үйлесім мен жайлылыққа толы болсын», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда "Біз миллиондаған панфиловшымыз" акциясы өтті