Наурызбайдағы құрылыс дүкенінің аумағы тазартылды
«Алматы —біздің ортақ үйіміз» атауымен басталған науқанға қаланың тағы 2 ауданы қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Наурызбайдағы құрылыс дүкенінің аумағы тазартылып, Алатау ауданындағы «Саялы» саябағы абаттандырылды. Бұл шаруаға 145 адам мен 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Ауданымызда 720-дан аса кәсіпкерлікке көріктендіру паспорты берілді. Әр кәсіпкердің аумағы бекітілген, берілген. Жұмыс күнделікті бақылауда, – деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты Кәсіпкерлік бөлімінің бас инспекторы Ерлан Зауырбеков.
Іс-шара барысында жұмысшылар белгіленген аумақты қоқыстан тазартып, айналаны көгалдандырып жатыр. Сондай-ақ заңсыз салынған дүкендерді сүру де басталып кетті.
«Алматы – таза қала» науқаны аясында наурыз айының аяғына дейін тазалық жұмыстары жүргізіледі. Ауданда 4 негізгі мердігер мекеменің күші арқасында 100-ге жуық адам күнделікті тазалыққа, субботникке шығып отырады, техника әр мекемеден жұмылдырылады, – деді Алатау аданы әкімі аппараты Көріктендіру бөлімінің бас маманы Мадияр Абуев.
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматыда ауа мен судың сапасына бақылау күшейтілді