Алматыда 347 км инженерлік желі салынып, жаңғыртылады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы «Ақсай» су қоймасы пайдалануға беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев СЦК-де өткен көшпелі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімнің айтуынша, 2024 жылдың мамыр айында жаңа «Балқаш» таза су резервуары іске қосылды, шілде айында су құбырының резервтік схемасы салынды, «Қарғалы» су қоймасының құрылысы аяқталды. 2025 жылы «Ақсай» су қоймасы пайдалануға беріледі.

«Соның нәтижесінде Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарының 220 мың тұрғыны тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етіледі», – деді Ерболат Досаев. 

Алматыда сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында 220 км жаңа желі салынып, 30 км қолданыстағы желі жаңғыртылды. 2025 жылы су құбыры және су тарту желілерінің 347 км салынып, жаңғыртылады.

Оқи отырыңыз: 2025 жылы Алматыда қоғамдық көлікте жаңа тарифтік кесте енгізіледі

Новости партнеров