Наурызнама: Алматыда мыңдаған бала бір уақытта күй орындады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, домбырада күйлер орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық киім киген жас музыканттар «Адай», «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлерін орындап, қаланың көшелерін қазақтың күйімен тербетті. Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау.

Музыкалық флешмоб еліміздің әр қаласын ұлттық аспаптың күмбірімен біріктіріп, жас домбырашылардың дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін көрсетті. 

Оқи отырыңыз: Биікте өткен 50 жыл: Almaty TV краншы әйелдің ерекше жұмысы туралы баяндайды

Новости партнеров