Антикор өкілдері Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлерімен кездесті
"Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту мақсатында Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Биыл 13 ақпанда "Заң мен тәртіп" концепциясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны нығайту мақсатында Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің алаңында жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері, адалдық пен парасаттылық принциптері, олар әрбір қызметкердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі ретінде талқыланды.
"Заңнамалардағы өзгерістер мен жауапкершіліктің күшейтілгені туралы ақпарат жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының мысалдары мен статистикасы келтірілді", - делінген хабарламада.
Кездесудің соңында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысының орынбасары Арыстан Асқар барша қатысушыларды заңның талаптарын сақтауға шақырды.
Өз кезегінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау ниеттерін растады.
Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мерейтойын атап өтті