Мекеме 250-ге жуық мұқтаж жанға көмек көрсеткен
Алматыда «Аяла» жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 35 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы уақыт ішінде мекеме 250-ге жуық мұқтаж жанға көмек көрсетіпті. Орталықта білікті мамандар жұмыс істейді. Олар 18 жасқа дейінгі балалар мен ересектерге қоғамға бейімделуге, тұрмыстық дағдыларын қалыптастыруға және оңалту шараларын жүргізуге арналған кешенді қызметтер ұсынады.
"Бізде реаблитациялық көмек, қызмет ұсынылады. Арнайы психоневрологиялық мамандар істейді. Ең басты мақсатымыз – қызмет алушыларымызды еңбекке баулу, қиын жағдайда келген кезде көмек көрсетіп, күнделікті өмірге бейімдеу", – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Оқи отырыңыз: Табиғат жанашыры: Гауһар Сейсенбекқызы Сиверс алмасын зерттеуге 16 жылын арнаған