Алматыда жылу желілерін реконструкциялау бойынша 15 жоба іске асырылады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бостандық ауданын жылумен жабдықтау бойынша 15 жоба 2025 жылы іске асырылатын болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 7 көшеде 5,4 км жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. 

«2025 жылдың мамыр айында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін біз Бостандық ауданында 7,1 км жылу желілері мен 2 сорғы станциясын қайта жаңарту бойынша 15 жобаны іске асыруды бастаймыз. Жобаның аяқталу мерзімі-2025 жылдың қазан айы», - деді Ерболат Досаев. 

Жалпы, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы қалада 20 км жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. 2025 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Бостандық ауданында 6 шақырымнан астам сумен жабдықтау желілері салынады

Новости партнеров