Қарағанды облысында полиция қызметкері қаза тапты

Фото: facebook.com/erzhansadenov
Фото: facebook.com/erzhansadenov

Оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында жазатайым оқиға салдарынан полциция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

ҚР ІІМ басшысы Ержан Сәденовтің хабарлауынша, жазатайым оқиға оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған.

«Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді”, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы ІІМ басшысының бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында мал ұрлығын кәсіп еткен 4 қылмыстық топ ұсталды

Новости партнеров