Бір мезетте байып кеткендердің сол сәттегі әрекеті де әртүрлі болған
Банк жүйесіндегі ақау, кездейсоқ лотерея ұтысы, бухгалтердің қателігі – мұндай тосын жайттар шынайы өмірде сирек кездессе де, кейбіреудің өмірін күрт өзгертіп, бір-ақ сәтте миллионер еткен. Дегенмен бір мезетте қыруар ақша иесі атанғандардың байыған сәттегі әрекеті де әртүрлі болған: бірі бөтен ақшаны бірден шашып жұмсауға кіріссе, енді бірі иесіне қайтарып берген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қате аударым: $590 мың (268 млн теңге). Астаналық Әнуар Аязбеков есімді азаматтың шотына 590 мың теңгенің орнына шамамен $600 мың түскен. Бұл қомақты соманы банк кассирі қателесіп аударып жібергенін түсінген ол ақшаны бірден қайтарып береді. Ер адам қателік жіберген кассир қызды жылатып байып кетуден бас тартқан.
Әлемдегі ең бай адам: 10 трлн рубль (50 трлн 340 млн теңге). Челябинск қаласында IT маманы Тимур Фаткуллин өзінің басқа адамға жіберген ақшасы жүйедегі қателікке байланысты бас айналар көп цифрмен өзіне қайтып келгенде, есінен танып қала жаздапты. Ол бір-ақ сәтте 10 триллион рубльдің иесі болып шыға келеді. Ер адам көп ойланбастан ақшаны банкке кері қайтарып берген. Ол бұл оқиғаны өмірінің ұмытылмас сәті ретінде есінде сақтайтынын айтқан.
Ерекше несие: $2 млн (902 млн теңге). Австралиялық Люк Мур бос тұрған шотына кездейсоқ түскен ақшаны пайдаланып, шексіз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Бойжеткен ол ақшаға ипотекасын өтеп, қымбат көліктер сатып алып, шамамен $2 млн жұмсайды. Алайда ол кейінірек алаяқтық жасады деп айыппен ұсталады. Бірақ Люктің жүйені бұзғанын дәлелдейтін айғақтар табылмағандықтан, ол ақталып шыққан.
Сәнді заттарға жұмсалған $4,6 млн (2 млрд теңге). Малайзиялық Кристин Джаксин Ли шотында жоқ ақшаны шешіп ала беретін мүмкіндігі барын байқайды. Сөйтіп оңай ақшаға әбден құныққан әйел 1,3 млн долларды сәнді заттарға жұмсаған. Алайда банктен жасырынуға тырысып, үйіне оралмақ болғанда, Аустралияда ұсталады.
Кассирдің қателігінен болған джекпот: $1 млн (451 млн теңге). Бас аспаз болып жұмыс істейтін Джош Бастер лотерея билеттерін басып шығарған кассирдің қателігінен кездейсоқ $1 млн ұтып алады. Дүкен $1 мың өтемақы алады, ал Джош осылайша кенеттен бай адамға айналып шыға келеді.
Отбасылық сәттілік: $729 мың (329 млн теңге). Канадалық Баттар отбасы бірнеше мәрте лотереядан ұтыс ұтып алған. Алайда ең үлкен ұтысына кассирдің қателігінен ие болған. Майкл Батт лотерея билеттерін рәсімдеу кезінде кассир қателесіп кеткендіктен, $729 мың ұтып алған.
Жұмыстан миллионер атану: 1,7 млн рубль (8,5 млн теңге). Железногорск қаласының тұрғыны зауытта жұмыс істеп жүріп, бухгалтердің қателігі нәтижесінде әдеттегі жалақысынан 100 есе көп ақша алған. Ол сотта жеңіске жетіп, ақшаны қайтармаған.
Дереккөз: digitalbusiness.kz
Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең сұлу дзюдошылардың бірі енді футболда бақ сынап көрмекші