Алматының орталығындағы сауда павильоны бұзылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соттың 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының орталығындағы сауда павильоны сот шешімі бойынша бұзылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қалдаяқов көшесі, уч.19. бойында орналасқан нысан заңсыз деп танылды.

Меншік иесі (жеке тұлға) нысанды қосымша рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған және оның пайдалануға беру актісі болмаған.

Басқарма ҚР ӘҚБтК-нің 323-бабы бойынша шаралар қабылдады және орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді. 

Алайда, нұсқама талаптары орындалмағандықтан Басқарма осы объектіні бұзу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) талап арыз берді. 

Соттың 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда бұзуды меншік иесі сот шешімін орындау үшін жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 66 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.

Новости партнеров