Алматының Жетісу ауданында 300 жаңа видеобақылау камерасы орнатылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматның Жетісу ауданында көшкін қаупін болдырмау мақсатында қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бүкіл қала бойынша ықтимал қауіпті учаскелерді зерттеген жұмыс тобы құрылды. Мәселен, Жетісу ауданында Шелихов және Волочаевская көшелерінің бойында 2 учаске анықталды, онда 2024 жылдың қазан айында жергілікті бюджет резервінен қаражат есебінен тірек қабырға салу арқылы еңісті нығайту жұмыстары басталды. Жұмыс 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады.

«Кемел ш/а зираты орналасқан беткейдің жоғарғы бөлігінің көшкін қаупінен туындаған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында соңғы 2 жылда Есентай өзенінің арнасы зиратқа қарай 4 м-ге ауысты, осыған байланысты осы жылдың наурыз айында еңісті нығайту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда», - деді Алматы әкімі.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы ауданда 31 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды-бұл 171 камера және 692 бейнебақылау камерасы. Ағымдағы жылы тағы 300-ге жуық жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда. Алматыда барлығы 1641 «Сергек» АӨК - 9152 бейнекамера бар.

Новости партнеров