Балалар қауіпсіздігі – ортақ міндетіміз: Алматыда жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті

17.04.2025 20:20

Онлайн және офлайн форматта өткен жиынға 3 мыңнан астам адам қатысты 

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Балалар қауіпсіздігі – ортақ міндетіміз» атты жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараны Алматы қаласының Білім басқармасы, Психологиялық қолдау орталығы, прокуратура, полиция және психикалық денсаулық орталықтары бірігіп ұйымдастырды.

Жиын онлайн және офлайн форматта өтті: 216 ата-ана тікелей қатысып, 2880-і Zoom арқылы қосылды.

«Негізгі мақсат – ата-аналарға баланың қауіпсіздігі, зорлық-зомбылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік, гаджеттерді дұрыс қолдану, есірткі мен құмар ойындарға тәуелділік, буллинг, суицидтік мінез-құлық, сондай-ақ ҰБТ кезіндегі ата-аналарға психологиялық қолдау туралы толық ақпарат беру», - делінген хабарламада.

Жиынды Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Тапенұлы Сайфеденов ашып, балалар қылмысының және жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара әрекеттестіктің маңыздылығына тоқталды.

Мамандар мен сарапшылар өз саласы бойынша нақты мәліметтер мен кеңестер берді.

Ашық диалог арқылы мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нығайып, баланың амандығы үшін бірлесіп әрекет ету жолдары қарастырылды.

Оқи отырыңыз: Алматының тау бөктерінде тағы бір заңсыз нысан бұзылып жатыр