Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшесінің бойында BRT жолағын салу көзделіп отыр
Елімізде жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым жол салу көзделіп отыр. Жоба құрылысының алғашқы кезеңі биыл басталмақ. Нәтижесінде 31 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Былтыр Алматыдағы 255 көшедегі 250 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілген. Биыл бұл көрсеткіш 300 шақырымға артпақ. Одан бөлек, 2024 жылы 25 шақырым жаңа жол салынды. Ал биыл бұл сан 35 шақырымға өспек. Жалпы алғанда сапалы жолдардың үлесі 92 пайыздан 95 ппайызға жеткізілмек.
"Құлжа тас жолындағы жаңғырту жұмысын аяқтадық. Нәтижесінде оның аумағы 4-тен 6 жолаққа дейін кеңейтілді. Ал учаскенің автокөлік өткізу қабілеті шамамен 2 есеге артты. Енді күнделікті бұл көшеден 90 мыңға жуық темір тұлпар жүріп өтеді. Биыл біз Саин, Абай, Төле би көшелерін ұзарту жұмысын толықтай аяқтауды көздеп отырмыз", – деді Мобилділік басқармасы жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің жетекшісі Айдос Желдікбаев.
Ал Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысын 2025 жылдың жазында түгелдей аяқтау жоспарланған. Бұл аралықта қозғалыс толығымен ашылса, көлік өткізу қабілеті екі көшеде де кем дегенде 15 пайызға өседі. Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшесінің бойында BRT жолағын салу көзделіп отыр.
"Райымбек даңғылы бойынша BRT Пушкин көшесінен басталып, «Алтын Ордаға» дейін салынады. Ұзындығы 17 км болады. Бұл нысан жыл соңына дейін аяқталады. Негізгі құрылыс және жол жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін, жаңа оқу жылы басталғанға дейін бітіруді жоспарлап отырмыз. Желтоқсан бойынша BRT Байтұрсынов Темирязев көшесінен басталып, Желтоқсан көшесімен Райымбек даңғылына дейін созылады", – деді Мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.
Атап өтер жайт, Тілендиев көшесін ұзарту бойынша да жоспар құрылған. Жоба құжаты реттеліп жатыр. Мамандардың сөзінше, жол сапасы да жіті қадағаланады.
Еске салайық, аталмыш жобалардың барлығына қаражат бөлінген.
Рүстем Айткәрім, Ялкунжан Әшімжанов, Ғани Қалуов
Оқи отырыңыз: Алматыда 60 мопед ресми тіркелді