Киіз үйдегі жаңа жыл: Алматыда ұлттық нақышта безендірілген Аяз Атаның үйі ашылды

Олар Астана және Абай атындағы алаң мен Арбат сынды халық көп жиналатын жерлерде орнатылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңа жыл мерекесіне орай, ұлттық нақышта безендірілген Аяз Атаның киіз үйлері ашылды Almaty.tv.

Үш киіз үй қаладағы Астана алаңы, Абай атындағы алаң мен Арбат сынды халық көп жиналатын жерлерде орнатылған. Бұл ерекше бастама арқылы ұйымдастырушылар мерекені қазақы нақышта атап өтуді мақсат етеді. Ал мұнда келушілер Аяз Атаның әлеміне еніп қана қоймай, ұлттық мәдениеттің де сән-салтанатын тамашалай алады. Киіз үйлердің іші де дәстүрге сай безендірілген.

Айта кетейік, аталған ұлттық нақыштағы ертегі кейіпкерлері сағат 15:00 мен 21:00 аралығында жұмыс істейді.

"Алматы қаласында 100-ден астам іс-шара, 80 шырша орнатылды. Хан шатырындай 3 үйім тұрғызылды. Соларға келіп менен сыйлық алсаңыздар болады. Театрларда және Алматы циркінде балаларға және  үлкендерге арналған іс-шаралар өтіп жатыр", – деді аяз ата Шоқан Құлназаров.

 

Оқи отырыңыз: Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады

Новости партнеров