Алматыда жаңа балабақша ашылды

Жетісу ауданындағы №198 бөбекжай-балабақшасы 160 балаға арналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Жетісу ауданында жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екі жылдық құрылыс нәтижесінде салынған №198 бөбекжай-балабақшасы 160 балаға арналған. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мен дамуына қажетті құралдар көп. Айта кетейік, ескі ғимараттың орнына тұрғызылған нысан Айнабұлақ-4 ықшамауданында орналасқан. Екі қабатты бөбекжай-балабақшада 8 топ жұмыс істейді. Қазақ тілінде білім беретін мекеме заманауи құрылғылармен жабдықталып, балалардың шығармашылық және дене шынықтыру сабақтары үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ қызметкерлер штаты да толық жасақталып, 23 желтоқсаннан бері бүлдіршіндер қабылдана бастаған.

"Балалар математиканы да, тіл дамытуды да бәрін ойын арқылы жүргізіледі. Алдымызда 2025 жылы 5-6 балабақшаның ашылуын күтіп отырмыз", – деді қалалық Білім басқармасы мектепке дейінгі бөлімінің басшысы Әлия Сағиева.  

"Балабақшаға бірдей 2 баламды орналастырып жатырмын, бұйырса. Бұрын қараусыз ғимарат болған. Үйсіз адамдар мекендеп, кейін өртеніп кетті. Екі жылдың көлемінде құрылыс жұмыстары жүрді.  Ата-аналар қуаныштымыз", – деді ата-ана Бақытгүл Бейпенова.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі

Новости партнеров