Қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысының сапасын арттырғымыз келеді - қала әкімі

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық тасымалдаушылар ұсынатын қызметтердің сапасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру маңғызды мәлеленің бірі болып табылады Біз бұл бағытта жұмысты жеке тасымалдаушылармен де, «Алматыэлектротранспен» де тұрақты негізде жүргізіп жатырмыз. Оң өзгерістер бар, біз мұны Open Almaty-дегі өтініштердің құрылымы бойынша көреміз. Қалада жылжымалы құрам жаңартылды, бірақ жүргізушілер бойынша сұрақтар бар», - деді Ерболат Досаев. 

Мегаполис әкімі бүгінде кәсіпорындарды жүргізушілер саны мен олардың ауысымы бойынша нормативтік қамтамасыз етуге байланысты мәселе толық шешілмегенін, бұл жұмысты жандандыруға қатысты екенін атап өтті. 

«Біз жүргізушілердің жалақысын тағы да көтердік және қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысы беделді болуы үшін мұны жалғастыруға ниеттіміз. Сондай-ақ, мен колледждермен жүргізушілерді даярлау мәселесін, оның ішінде жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті тұрғысынан пысықтауды тапсырдым. Біліктілікті арттыру курстарынан өткендер жалақыға үстемеақы алады. Біз материалдық ынталандыру арқылы жұмыс сапасын жақсартуға мән береміз, жыл соңына дейін осы мәселелердің бір бөлігі жүзеге асатын болады», - деп атап өтті Алматы әкімі.   

Айта кету керек, биыл қалада жүргізуші құрамы үшін демалыс бөлмелерімен жабдықталған 10 демалу  пункті салынады.

Оқи отырыңыз: Жетісу ауданында 1 мың LED-шам орнатылады

Новости партнеров