Алматы әкімі тұрғындардың кәуапханаға қатысты шағымына жауап берді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл наурызда мәслихатқа Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде қаладағы кәуапханалардың жұмысына қатысты тұрғындардың шағымына пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһар басшысы биыл наурызда мәслихатқа Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері енгізілетінін айтты. Бұл ережелерде гидрофильтрлерді орнату талаптары мен бақылау шаралары қарастырылған.

«Былтыр біз осындай бастама көтердік, ол қолдау тапты. Заңнамаға енгізілген өзгерістер аясында бұл ережелерді мәслихатқа ұсынып отырмыз. Егер олар қабылданса, бізде нақты жұмысты бастауға қажетті құралдар пайда болады. Бұған дейін айтқанымдай, заңды негізсіз кәсіпкерлердің қызметіне араласуға құқығымыз жоқ. Ал ережелер бекітілсе, біз оған сәйкес жұмыс істей аламыз», – деді Ерболат Досаев. 

Өз кезегінде аудан тұрғыны кәуапханалардағы гидрофильтрлерді газға ауыстыруды ұсынды.

«Бұл жұмыстың екінші кезеңі. Қазіргі басты мәселе – кәуапханалардың қызметін реттеуге байланысты өзгерістер енгізу. Газға көшу мәселесін кейінірек талқылаймыз. Бұл мәселеге аудан әкімдерін қосамын, олар аталған мекемелердегі фильтрлердің жұмысын бақылап отырады», – деп сөзін түйіндеді қала әкімі.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысының сапасын арттырғымыз келеді - қала әкімі

Новости партнеров