Қуыршаққа жан бітірген өнер иесі Бақытжан Қаюов 50 жасқа толды

Өнер майталманы шығармашылығының 25 жылдығына арналған кешін өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қуыршаққа жан бітірген өнер иесі Бақытжан Қаюов 50 жасқа толды. Саналы ғұмырын сахнаға арнаған азамат Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымымен мерейтойы мен шығармашылығының 25 жылдығына арналған кеш өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көрермен өнер майталманының құнды туындылары мен сахналық шеберлігін тамашалады.

Айта кетейік, Бақытжан Қаюов өз мансабын театр өнерімен байланыстырып, балалар мен ересектерге арналған спектакльдерде басты рөлдерді сомдап келеді.  

"Қуыршақ театрының әртісі болғаныма қуаныштымын. Қандай жұмыстың да өзінің бір ерекшелігі, ауыртпалығы болады, десе де, балаларды қуантуға барымызды саламыз. Осы жолда жұмыс істеп жатырмыз", - деді Мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі, Мәдениет саласының үздігі Бақытжан Қаюов.

Оқи отырыңыз: Қала әкімдігі "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша өтінім қабылдауды қорытындылады

Новости партнеров