Мәлік Отарбаев алматылық тәртіп сақшыларымен кездесті

Қатысушылар ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы көтерген мәселелерге де тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің кеңесшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында адалдық пен әділдікке айрықша көңіл бөлу керек екені сөз болып, «заң мен тәртіп» қағидатын өмірлік ұстанымға айналдырудың мән-маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар тәртіп сақшыларының мәртебесін жоғары ұстау, қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екені айтылды. Қатысушылар ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы көтерген мәселелерге де тоқталды. Есірткіге қарсы күрестің қарқынды жүріп жатқанын сөз етті. Биыл 76 қылмыстың беті ашылып, 4 зертхана жойылған. 30-дан аса профилактикалық іс-шара өткізілген.

 «Заң және тәртіп» қағидаты Мемлекет басшысының алға қойған ең бір күрделі мәселелердің біреуі деп есептеу керек. Біздің қоғамда қызметімізге байланысты тыныштық орнатата аламыз деп есептеймін. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау – ІІМ алға қойып отырған мәселелерінің біреуі», – деді Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бауыржан Рахимов.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік сатып алу: жеңімпаздар 5 күн ішінде анықталады

Новости партнеров