Аудан әкімдіктерінде жолдарды қардан тазарту жұмыстарын тәулік бойы қадағалайтын штабтар құрылды
22 қаңтарда мегаполисте ауа райы нашарлап, қар жауа бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктер жауын-шашынмен бірге сәрсенбі күні күндіз -2 градусқа дейін суық болатынын, түнде -7-ден -9°C-қа дейін суытатынын ескертті.
Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Негізгі магистральдық жолдар сұйық реагенттермен өңделіп, көшелер арнайы техникамен тазартылуда.
Мегаполис әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Көшелерді қардан тазарту жұмыстары қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың бақылауымен жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ жолдардың қауіпті учаскелерінде, еңістер мен ылди жерлерде, жолайрықтардан шығатын жерлерде қар жиналуының алдын алу мақсатында 47 жедел топ жол жамылғысының жай-күйін қадағалау жұмыстарын күшейтті.
Аудан әкімдіктерінде қаланы қардан тазарту жұмыстарын тәулік бойы қадағалайтын штабтар құрылды.