Президент зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Оқи отырыңыз: Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады