Алматы көшелерін қардан тазарту жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр

Жолдардың қауіпті учаскелерінде 47 жедел бригада жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қар жауып, қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жалпы қар тазалау жұмыстарына 624 арнайы техника мен 1380 адам жұмылдырылған. Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде 47 жедел бригада жұмыс істейді.

Ал аудандық әкімдіктерде атқарылған шаруаға тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін арнайы штабтар ұйымдастырылды.

"Кеше "Қазгидромет" берген болжамға сәйкес бүгін таңғы сағат 9:00-ден бастап таулы жерлерде қар жауа бастады. Бұл қар екі күнге созылайын деп тұр. 20 милимметрдей жауады деп болжанып отыр. Сол себепті жұмысымыз ауқымды болады. Одан кейін 23-24 күндері ауа температурасы -15-20 градусқа дейін төмендейді. Сондықтан қаладағы қар шығару жұмыстарына түсіністікпен қарап, мүмкіндігінше, жол бойындағы көліктерді алып тастауды сұраймыз", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.  

Оқи отырыңыз: Қарлы боран: СҚО-да 8 бағыттағы маңызды жолдар жабылды

Новости партнеров