Ол халықтың мәдени кодын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Светлана Ананьева Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған отырыста сөз сөйледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асырып келе жатқан 30 жылдық әлеуметтік-мәдени және этносаралық қарым-қатынас тәжірибесі – БҰҰ мен бірқатар беделді халықаралық ұйымда таныстырылып, әлемнің көптеген елінің қызығушылығын туғызды.
Әлемдік рухани құндылықтарға және адамзат өркениетіне үлкен үлес қосқан қазақ халқының мәдени коды – оның баға жетпес мәдени мұрасы арқылы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Бізге жаңашылдыққа ашық болу және түп-тамырымызды сақтау тән. Қазақ халқының мәдени кодына – мейірімділік пен қонақжайлылық, жанашырлық пен қол ұшын беруге дайын болу сияқты қасиеттер енеді. Бұл мәдени код Қазақстан өнері мен мәдениет шеберлерінің шығармаларында айқын көрініс табады.
Мәдени код – мәдениетті және әдебиетті тануға мүмкіндік беретін кодталған ақпарат. Әлем тарихында дәуірлерге, мемлекеттік саясатқа және мәдениет деңгейіне байланысты бұл кодтардың рөлі өзгеріп отырады, алайда олардың өзіндік болмысы мен ұлттық ерекшеліктері сақталады. Ұлттың мәдени коды – сол мәдениетті түсінудің кілті. Ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдени ерекшеліктерді бойына сіңіреді.
Биыл туғанына 180 жыл толған ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының қара сөзіне тағы жүгінеміз: «Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады».
Әдебиет пен өнерде көркем бейнеленетін Қазақстан халқының мәдени коды этникалық бірегейлікті нығайтып, көркем бейнелер арқылы ұлттық ерекшелікті ашып көрсетеді. Көркем сөз шеберлерінің шығармашылығында Қазақстан – туған елдің бейнесі ретінде ерекше орын алады. Қазақстан – осы қасиетті жерде өмір сүріп жатқан барлық этностың ортақ отаны.
Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, поляк, өзбек, украин, түрік және басқа да тілдерде газеттер шығарылады. Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, өзбек театрларының сахналарында қойылымдар мен музыкалық шығармалар орындалады.
Қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс, татар, күрд және өзбек әдебиеттеріндегі Менің Қазақстаным көркемдік тұжырымдамасы – еуразиялық мәдени-эстетикалық менталитет ретінде көрініс табады. Әдеби дәстүр тарихи құжаттармен және қазіргі заманғы дискурс теорияларымен ұштасады. Туған үй, ошақ, ата-ананың шуағы, адамгершілік пен отбасылық құндылықтар, жады мен жауапкершілік – сөз шеберлерінің шығармашылығындағы басты тақырыптар.
Рухани және моральдық құндылықтар, жаһандық этика, диалог пен ынтымақтастық, бірлік мәселесі – қазақстандық прозаиктер, ақындар, публицистер мен драматургтардың шығармасында көркем бейнеленіп, өзектілігін жоғалтпай келеді. Бұл туындыларда жоғары руханиятты, ұлттық бірегейлікті, ана тілін сақтау жайлы ой қозғалады. Қазақстан халқының көркем-эстетикалық мәдениеті – мәдени кодты сақтай отырып, қоғамның тұрақты рухани дамуының негізі.
Қазақстан халқының мәдени коды – көркем сөз, көркем бейнелер арқылы сақталып, ұрпаққа жеткізіледі. Еліміздегі этностардың рухани туыстығы, этносаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастық тақырыбы – көптеген көркем туындының өзегі. Бұл шығармаларда халықтардың бір-бірін тануы мен түсінуі маңызды мәселе ретінде көтеріледі. Ұлтаралық келісімнің бірегей тәжірибесін біз жас ұрпаққа мұра етіп қалдырамыз, Қазақстан этностарына, олардың мәдениетіне, тіліне, дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейміз.
Мәдени код қазақстандық этносаралық төзімділік, мәдениетаралық ынтымақтастық, қоғамдық келісім мен жалпыадамзаттық құндылықтар моделін сақтау мен нығайтуға бағытталған.
Қоғамдық диалогтың жаңа стандарттарын белгілей отырып, «Қазақстан Ұлы дала жүрегі ретінде бүгін де өзінің тарихи миссиясын жалғастыра беруі керек. Көне заманнан келе жатқан көшпенділер дәстүрі болашаққа бастайтын мықты қуат көзі болуға тиіс», - деді IV Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бағдарлық әрі пәрменді сөздер Қазақстан халқы Ассамблеясының болашақ даму бағыттарын айқындайтын қағидаттар.
Оқи отырыңыз: Алматыда 21 сәуірде жылу желілеріне екі апталық сынақтар басталады