Қанат Салимбаев заң мен тәртіпті сақтау әділетті қоғам құрудың негізі екенін атап өтті
2025 жылдың 5 ақпанында "Заң мен Тәртіп" акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменттінің превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев Медеу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өз сөзінде Қанат Салимбаев заң мен тәртіпті сақтау әділетті қоғам құрудың негізі екенін атап өтті. Айрықша көңіл адалдық мәдениетін қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке бөлінді.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен, ұсыныстарымен бөлісіп, интерактивті пікірталасқа қатысты.
Кездесуде "Заң мен Тәртіп" идеологиясының негізгі аспектілері, қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер және азаматтардың оларды іске асырудағы рөлі талқыланды.
Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Агенттіктің (1424) call-орталығының жұмысын түсіндірумен аяқталды.
Оқи отырыңыз: Заң және тәртіп: Алматыда заңсыз сауда нүктелерін жаппай бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр