Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Алматыдағы Мағжан Жұмабаев атындағы № 137 мектепте Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған Жетісу аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен Қазақстан офицерлер одағының төрағалары, әскери және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы әндер орындалып, патриоттық қойылым сахналанды. Сөз сөйлеген қонақтар майдангерлердің ерен еңбегін атап өтіп, кейінгі ұрпақты батыр бабалардың ерлігін ұмытпауға шақырды.
«Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай, мектебімізде «Жеңіс жолындағы ерлік, тарихтан – болашаққа» атты үлкен іс-шара өткізіліп жатыр. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, тарихқа деген құрметін арттыру, ата-бабамыздың ерлігіне құрметпен қарау, – деді М. Жұмабаев атындағы № 137 мектеп директоры Сандуғаш Ақшалов.
Оқи отырыңыз: Жақыныңа көмектес: Алматыда қайырымдылық акциясы өтті