Жыл соңына дейін Алматы тұрғындарының 90%-ы су есептегішке көшеді

24.04.2025 09:54

Қазір есептегіш орнату бағасы жағынан да, қолжетімділік тұрғысынан да қиындық туғызбайды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда су есептеу жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев биылғы жылдың басты міндеті — алматылықтардың басым бөлігін су үшін есептегіш арқылы төлеуге көшіру екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жыл соңына дейін есептегішпен қамтуды 90%-ға жеткізу міндеті тұр», – деді қала әкімі.

Ол есептегіш орнатылғаннан кейін көптеген тұрғынның суды тұтынуға ұқыпты қарай бастағанын айтты.

Әкімнің айтуынша, бүгінде қалада қолжетімді әрі сапалы есептегіштерді ұсынатын 20 компания жұмыс істейді. Қазір есептегіш орнату бағасы жағынан да, қолжетімділік тұрғысынан да қиындық туғызбайды.

«Бізде су тұтынудың белгіленген нормасы бар. Егер сіз сол нормадан ассаңыз, жоғары тарифпен, аспасаңыз, қарапайым тарифпен төлейсіз», – деді әкім төлем есептеудің жүйесіне назар аудара отырып.

Оқи отырыңыз: Астанада алты жасар баланы баланы жүк көлігі қағып, мерт қылды