Елімізде азық-түлік инфляциясы төмендеді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық банк дерегінше, ет, өсімдік майы және қант бағасының өсуі инфляцияны жеделдетудің тұрақты факторы болып қалуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде азық-түлік инфляциясы сәл төмендеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Азық-түлік бағасының өсуі негізгі проинфляциялық фактор болды. Ол жалпы инфляциядағы үлестің жартысын иеленеді. Азық-түлік инфляциясы уақытша және барынша орнықты факторлардың әсерінен соңғы 5 айда алғашқы рет баяулап биылғы қазанда 11,5-тен 11,3 пайызға дейін төмендеді. Биылғы шілде-тамызда ұзақ сақталатын көкөністер бағасының жаз айларына тән емес және соңғы жылдардағы рекордтық өсуі тіркелді», –  деді «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» баяндаған Ерболат Досаев.

Ұлттық банк дерегінше, ет, өсімдік майы және қант бағасының өсуі инфляцияны жеделдетудің тұрақты факторы болып қалуда. Мұны өсім деңгейі бойынша әлемдік трендтермен салыстыруға болады. ФАО деректеріне сәйкес бір жылда еттің әлемдік бағасы орта есеппен - 22,1, өсімдік майының бағасы – 73,6, қанттың бағасы – 40,6 пайызға өсті. 

«Қазақстанда азық-түлікке жатпайтын инфляция, бірінші кезекте, тұтынушылық белсенділіктің қалпына келуі аясында жанар-жағар май және ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасының өсуі нәтижесінде жылдамдады. Ақылы қызметтер инфляциясы негізінен электр энергиясы, тұрғын үйді жалдау және көлік қызметтері бағасының өсуі есебінен жылдамдады», –  деді ол.


Новости партнеров