А. Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапары: «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламасы қалай жүзеге асуда

primeminister.kz
primeminister.kz
Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды - Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары кезінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды - Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты. Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған. Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында жол құрылысы жұмыстарымен барлығы 800 шақырымнан астам жол жасалатын болады. Бұдан бөлек, бірнеше өндіріс орындарын аралады. Үкімет басшысы «Сарыарқа» Арнайы Экономикалық аймағында болып, онда патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.

«Бұл зауыт біздің қорғаныс қабілетімізді нығайтады деген сеніміміз бар. Өйткені осында шығарылатын патрондардардың номенклатурасы қазіргі күнге біздің қарулы күштерімізге, басқа әскери бөлімшелерге керек оқ-дәрілер», – деді  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Талғат ЖАНЖҮМЕНОВ.

Ал, Балқаш қаласында Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, сондай-ақ әуежайды реконструкциялау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты. Сонымен қатар Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» компаниясы Балқаш мыс балқыту зауытына барды, онда өндіріс процесімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен танысты.

Новости партнеров